Нұрлан Ноғаев Атырау облысының энергия жүйесі нысандарын аралады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Атырау облысына жұмыс сапары барысында өңірлік энергия жүйесінің нысандарын аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрлік баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау жылу-электр орталығында Нұрлан Ноғаевқа кәсіпорынның электр қуатын кеңейту барысы таныстырылды. Инвестициялық жоба 2007 жылы іске асырыла бастады және бірнеше кезеңдерден өтті. Бұл Жоба тек қана Атырау облысы емес, жалпы Қазақстан үшін маңызды. Себебі ол бүкіл елдің энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді.

Қосымша турбоагрегаттарды, қазандарды орнату, бу жүктемесін ұлғайту өндірілетін электр қуатын 215 МВт-тан 474 МВт-қа дейін жеткізуге мүмкіндік берді. Бұл кәсіпорын қуатын ұлғайтуға бағытталған барлық жүргізілген жұмыстар емес. Қуаты 60 МВт болатын тағы екі турбоагрегат орнату жоспарланып отыр.

Министрдің атап өтуінше,, жаңа стансалар Атырау облысы экономикасының энергетикалық қуатын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе энергияға тапшы өңір үшін маңызды саналады.

Энергетика министрі танысқан келесі нысан «SagatEnergy» ЖШС болды. Белгіленген қуаты 10 МВт болатын электр стансасы бүгінгі күні Каспий құбыр желісі консорциумының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта кәсіпорында қосымша белгіленген қуаты 30МВт-ты құрайтын электр стансасы кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жұмыс істеп тұрған газ электр стансасы 2016 жылы қалпына келтірілді. Мамандардың айтуынша, KEGOC кіші стансасына жақын орналасқан икемді жүктеме мүмкіндігі бар жаңа газпоршеньді станса бүкіл Батыс энергия торабы жұмысының тұрақтылығы мен сенімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар