+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

Нұрлан Ноғаев Махамбет ауданында Жайықтың жағалауын бекіту жұмыстарымен танысты

2019 жылғы 2 желтоқсан 23:24
Бөлісіңіз:
Нұрлан Ноғаев Махамбет ауданында Жайықтың жағалауын бекіту жұмыстарымен танысты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Махамбет ауданында болып, алда атқарылатын Жайық өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанайлық полицейлер халыққа қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшпек Павлодар облысының оқу орындарына 11 мыңнан астам бақылау камералары орнатылды Қарағандыда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жаңа жоба енгізіледі

Жайық өзенінің көктемгі су тасу кезінде Махамбет селосының аумағын басып кету қаупі жоғары болып отыр. Жыл сайын Жайықтың жағалық сызбасы Махамбет елді мекеніне қарай жылжып келеді. Соңғы 10 жылда өзен арнасы мен жағалық сызығы батыс бағытта 4-10 метрге жылжыды.

Су басу аумағында 121 үй, елді мекеннің 14 га аймағы, соның ішінде 369 га егістік алқап, 4 мектеп, 5 балабақша, 76,2 км газ құбыры, 757,1 км электрмен қамту желісі, 9 сорғы стансасы бар. Көшіру аумағында 3012 адам тіршілік кешіп жатыр. Осыған байланысты жобаны МЖӘ механизмі арқылы жүзеге асыру жоспарлануда. Жеке инвестордың есебінен тор жәшіктер (габион) пайдаланыла отырып, ЖСҚ дайындалды. Тордан жасалған, тастарға толтырылған үлкен көлемді құрылым топырақты тұрақтандырып, құлама жар мен еңіс жерді бекітеді. Габионның бетон тіреуден айырмашылығы - экологиялық таза, ұзақ мерзімді, созылымды және әдемі болады. Жаңа ЖСҚ жағалауға жақын орналасқан үйлерді көшірмеуге де мүмкіндік береді.

«Махамбет селосында Жайық өзенінің 4,5 шақырымындағы жағалауды бекіту жұмыстары» жобасын жүзеге асыру қатты су тасқыны кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, рекреациялық аймақ жасауға да мүмкіндік береді. Ол жерде жалпы ұзындығы 4,7 км жағалау абаттандырылып, жарықтандырылады, ауыл тұрғындары демалып, қыдыратын 3 балалар алаңы мен 3 спорт алаңы жасалады. Жаңа жағалау салу ауылда шағын және орта бизнестің дамуына да оң ықпал етеді.

«Tokyo Rope» жапон компаниясы жүзеге асыратын жоба мемлекет-жекешелік әріптестік аясында қолға алынған. 2020 жылы ұзындығы 4,5 шақырым болатын жағалауды бекіту жұмыстары басталады.

Айта кетейік, «Tokyo Rope» компаниясының бұл бағытта тәжірибесі бар. Компания биыл Есентай өзені жағалауын қалпына келтірді. Ұзындығы 2 км учаскеде ауыр габиондар қолданылып, өзен арнасы бекітілді.

Еске салсақ, өткен жылы ортағасырлық Сарайшық қалашығы аумағында жағалауды бекіту жұмысы жүргізілген болатын. Бұл шара тарихи орынды Жайық суының шайып кетуінен қорғап қалды. Екі жылда құрылысшылар биіктігі 3,6 м, ұзындығы 1,5 км қорғаныс бөгетін салды.

Жағалау сызығын барып қараған облыс әкімі Махамбет ауданы тұрғындарымен сөйлесті. Кейбір тұрғындар жағалауды бекіту жұмыстары қажет пе деген сауал қойды, себебі, өзен суы соңғы жылдары біршама таяздап кетті.

«Бұл өте үлкен проблемалық сұрақ. Жайық суының азаюы тек біздің облыста ғана емес, Ресейде, мысалы, Оренбургте де жағдай осындай. Себебін біздің ғалымдар анықтап жатыр. Барлық жауапкершілікті ала отырып айтамын, бұл проблемамен мемлекеттік биліктің барлық құрылымдары айналысуда. Бірақ жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізудің қажеттілігі жоқ деген пікірмен келіспеймін. Бірнеше жылдан кейін өзен суы көтерілмейтініне кім кепілдік береді? 93-ші жылды еске алыңыздар, облыста үлкен су тасқыны болды. Бүгінмен ғана өмір сүрмей, болашақты да ойлау керек.Су тасу уақытында өзен жыл сайын жағалаудың жаңа учаскесін «алып отыр», бірнеше жылдан кейін бұл мәселе ауданның барлық тұрғындарын алаңдатады. Оны қазірден бастап ойлау керек«,- деді Нұрлан Ноғаев. «Табиғи және техногенді төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия» тексеруінің қорытындысына сәйкес, Махамбет селосында 13,5 км үйілген бөгеттің 4,7 шақырымын су шайып кеткен. Қалған 7,8 шақырымы күрделі жөндеуді қажет етіп тұр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Абай Абылайұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT