+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Нұрлан Өнербаев 24 қараша күні Алматыда ән кешін өткізеді

2017 жылғы 2 қараша 12:26
Бөлісіңіз:
Нұрлан Өнербаев 24 қараша күні Алматыда ән кешін өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 қараша күні Алматыдағы Республика сарайында, «Анашым», «Қазақ қызы», «Ауылым», «Қарағым-ай» әндерімен қалың көрерменнің сүйікті әншісіне айналған Нұрлан Өнербаевтың «Сағыныш» атты ән кеші өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Мені көпшілік өнерден алыстап кетті деп жатады. Шын мәнісінде олай емес. 2011 жылы Астанада шығармашылық кешім өтті. Одан кейін Моңғолиядағы, Қытайдағы қазақ қандастарымызды аралап келдім. Еліміздің бірнеше аймақтарында болдым. Алматыда концерт бермегеніме 7 жыл өткені рас. Бұл аралықта әндер жинақталды. Бір концертке жетерлік ән жиналды-ау дегенде, кеш өткізуге кірісемін. Менің ойымша, көрермен өз әншісін іздеуі керек. Сол кезде халыққа есеп берер уақыттың жеткенін өзің де сезінесің. Мен тыңдарманымды, тыңдарманның мені сағынған уақыты келген сияқты. Кештің «Сағыныш» аталу себебі де сол», - деді әнші.

Айта кетейік, әншінің шығармашылық кеші 24 қараша күні Алматыдағы Республика сарайында сағат 19.00-де өтеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Мәдениет, Өнер,
Бөлісіңіз:

Автор:

Еркежан Сағимұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT