«Нұрлы жер» бағдарламасына өзгеріс енгізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Нұрлы жер» бағдарламасына өзгеріс енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ел экономикасын қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды таныстырған ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, құрылыс саласын қолдау шаралары аясында нысандарды жедел жобалау мен салу үшін арнайы нормалар әзірленеді. «Жұмыспен қамту жол картасы» нысандарын салу кезінде отандық құрылыс материалдары мен жабдықтары сатып алынады. Құрылыс-монтаж жұмыстарын мемлекеттік сатып алу бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі автоматты түрде ұзартылады.

«Бұл ретте міндеттемелерді осы жылдың соңына дейін орындау қажет», - деді ол.

Министрдің дерегінше, сенімді жеткізушілер тұрғын үй және инфрақұрылымдық нысандарды салу кезінде банк кепілдігінің баламасы ретінде сақтандыру полисін пайдалана алады. Бұл компаниялардың шығынын қысқартады.

«Нұрлы жер» бағдарламасына сатудың шекті белгіленген бағасы бойынша өзгерістер енгізіледі. Тұрғын үй құрылысы бойынша «5-10-20» жеңілдетілген несие берудің пилоттық жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Құрылыс саласының субъектілеріне шағын және орта бизнеске кредит беру бағдарламасына қатысу мүмкіндігі беріледі. Бұл шаралар мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысушылар мен құрылысшылар тобын кеңейтеді», - деді Руслан Дәленов.


Соңғы жаңалықтар