Нұрсерік Шәріпов - Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының 31 қаңтардағы Жарлығына сәйкес Нұрсерік Шәріпов Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұрсерік Кәрімұлы Шәріпов 1965 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітіргеннен кейін Қазақ мемлекеттік университетінің әкімшілік құқық кафедрасының ассистенті болып қызмет атқарды.

1992 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының азаматтық және рақымшылық жөніндегі бөлімінің аға референті.

1995 жылы Алматы қаласы Фрунзе ауданының халық сотының судьясы болып сайланды.

1996-2007 ж.ж. – Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы.

2007 жылы – Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы

2008-2010 ж.ж. – Маңғыстау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы.

2010-2012 ж.ж. – Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы.

2012-2017 ж.ж. – Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы.

2017 жылы – ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы.

2018-2021 ж.ж. – Қарағанды облыстық сотының төрағасы.

2021 жылдың желтоқсанынан бастап осы тағайындауға дейін ҚР Жоғарғы Сотының судьясы болып қызмет атқарды.

«Ерен еңбегі үшін», «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, «Құрмет» орденімен және бірқатар мерекелік медальдармен марапатталған.


Соңғы жаңалықтар