Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ хандығына арналған мемориалдық кешеннің ашылу рәсіміне қатысты

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ хандығына арналған мемориалдық кешеннің ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter-дегі парақшасында жазды.

Кешенде иілген 21 қанатты көруге болады. Бұл Түркістанда жерленген 21 ханды білдіреді. Есім ханнан Әликен ханға дейінгі бабаларымыздың есімдері мен басқарған жылдары да жазылған. Сондай-ақ, Елбасы «Ұлы дала бірлігі» атты капсуланы салды. Оның ішінде еліміздің түкпір-түкпіріндегі қасиетті жерлердің топырағы жиналған.

Соңғы жаңалықтар