Нұрсұлтан Назарбаев Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады, деп хабарлайды Еlbasy.kz.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа 15 қазанда Бакуде өтетін Түркі Кеңесінің 7-ші Саммитіне дайындық барысы туралы ақпарат берілді.

– Мен Президент Ильхам Әлиевпен кездестім. Ол Сізге ізгі тілектерін жеткізуді өтінді. Сонымен қатар, мен Түркі әлемінің басқа да көшбасшыларымен кездестім. Олар да Сізге зор ризашылығын білдіріп, жылы лебізін жолдап жатыр, - деді Б.Әміреев.

Соңғы жаңалықтар