«Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен толеранттылық моделі» атты халықаралық конференция өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 28 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «Достық Үйі» ғимаратында Тұңғыш Президент күніне және Халықаралық толеранттылық күніне орай «Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен толеранттылық моделі» атты халықаралық конференция өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық конференция шеңберінде кең ауқымды пікірлер бойынша пікір алмасу көзделген: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың өркениеттер, діндер мен мәдениеттердің диалогы, сонымен қатар, қоғамдағы конфессияаралық және ұлтаралық келісім мен тұрақтылық саласындағы рөлі мен қосқан үлесін жан-жақты ашып көрсету.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі, дипломатиялық корпус, мемлекеттік органдардың өкілдері, әр түрлі конфессиялар мен халықаралық діни ұйымдардың өкілдері, Исламад Халықаралық ислам университеті (Пәкістан), Орыс Православ Шіркеуінің Мәскеу Патриархаты (Ресей Федерациясы), сонымен қатар, Қазақстанның діни бірлестіктерінің, конфессияаралық және өркениетаралық мәселелермен айналысатын ғалым-сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КЕАҚ ұйымдастырады.

Соңғы жаңалықтар