Нұржан Мақашбаев профи-рингтегі екінші айқасын да тең аяқтады

None
None
КЕМЕРОВО. ҚазАқпарат – Ресейдің Кемерово қаласында өткен «Кузбасстағы жекпе-жек» кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық Нұржан Мақашбаев (0-0-1) өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның қарсыласы профирингте 8 айқас өткізген ресейлік Михаил Лесников (4-4, 1 КО) болды. Бірінші орта салмақтағы кездесу алты раундқа есептелді және соңғы дистанциясына дейін өтті.Төрешілердің шешімімен жекпе-жек тең аяқталды.

Осылайша, Мақашбаев кәсіпқой рингте өткізген екінші айқасын да тең нәтижемен аяқтап отыр.

«Бұл – ауыр қарсыласпен, ауыр айқас болды. Біз өз ойынымызды үстем етуге тырыстық, бірақ қарсыластың деңгейі де жоғары болғандықтан, ол өз бокс стилін көрсетуге талпынды. Бір жерлерде оған төтеп бере алдық, бір жерде қолымнан келмей қалды. Мүмкін тең ойын болған шығар – бұл әділ шешім», - деді Лесников турнирден кейін.

Айта кетейік, 23 жастағы қазақстандық дебюттік кездесуін биылғы наурыз айында өткізген болатын. Ресейлік Дмитрий Кулоковпен (1-0-1, 1 КО) ұйымдастырылған айқаста ұпайлар тең болды.

Соңғы жаңалықтар