Обырмен күресте қаржыландыруды арттыру маңызды – Елжан Біртанов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде обырмен күрес шараларын қаржыландыруды арттыру маңыздылығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білесіздер, қатерлі ісік ауруларынан емдеу шаралары қомақты қаржыны қажет етеді. Осы орайда Қазақстанда әрбір азамат ауру салдарынан туындаған қаржылық қиындықтардан қорғалғанына сенімді болғымыз келеді. Сондықтан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу қолжетімдікті арттыруға, медициналық қызмет сапасын көтеруге және бейресми төлемдер деңгейін төмендетуге ықпал етеді деп сенеміз. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек пен қоғамдық денсаулық сақтау деңгейінде обырмен күресті қаржыландыруды арттыру айтарлықтай маңызды. Бұл өз кезегінде онкологиялық аурудың алдын алуға және ерте кезеңде анықтауға ықпал етеді», - деді министр елордадағы Онкологиядағы Дүниежүзілік көшбасшылар саммитінде.

Сонымен қатар Е. Біртанов онкологиялық арулардың алдын алуға бағытталған шараларға елдердің басшылығы айрықша назар аударуы тиістігін тілге тиек етті. Осы орайда Қазақстанда 2024 жылға қарай денсаулық сақтау саласын қаржыландыру елеулі түрде артатыны аталып өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін елордада Онкологиядағы Дүниежүзілік көшбасшылар саммитінің жұмысы басталды. Шараға 70 елден 350 делегат қатысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар