Одиль Рено-Бассо Қазақстан Үкіметін халықтың техникалық сауатын арттыруға шақырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Электронды Үкімет порталы саладағы жетекші жүйелердің бірі болып саналады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-жалпы отырысында - Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент мырза мен Үкіметтеріңіздің күш салуының арқасында Пандемия кезінде көптеген оң нәтижелерге қол жеткізе алдық. Бірақ, біз әлдеқайда сапалы экономикалық нәтижелерге, экономиканың неғұрлым бәсекеге қабілетті салаларына бағдарлануымыз керек. Бұл жеке секторға өзгерістердің кезеңінде қозғаушы күш болуға мүмкіндік болар еді», - деді Одиль Рено-Бассо.

Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті қазіргі кезең жеке сектор үшін үлкен мүмкіндіктер кезеңі болып отырғанына назар аудартты.

«Негізгі екі бағыт бар – цифрлану және инновация, сондай-ақ, экологизация. Цифрландыруға келсек, көптеген оң нәтижелерге қол жеткізілді. Сіздердің Электронды Үкімет порталдарыңыз жетекші жүйелердің бірі ретінде аталады. Бірақ, сонымен бірге цифрлық секторға жеке сектордың инвестиция салуы жақсару керек. Бұл экспорт көлемін ұлғайту бағытында болуы керек. Осыны қамтамасыз ету үшін Үкіметті экожүйені нығайтуға шақырар едім. Бәрінен бұрын халықтың барлық санатының, оқушыдан бастап ересектерге дейін, техникалық сауаттылығын арттыруға барынша ресурс салу керек. Бұл сіздердің ІТ және шығармашылық салаларды дамытып, жергілікті аяқтан тұрған экспорттаушылардың бәсекедегі артықшылығын арттырады», - деді ЕҚДБ басшысы.

Сондай-ақ, ол Қазақстанда инновация мен бизнеске мүмкіндіктер ашатын цирфлық платформалар қалыптаса бастағанын атады.

«Мысалы, Еуропа қайта құру және даму банкі Алматы қаласының цифрлық сыңарын жасап жатыр. Бұл жоба адамдардың өмірін жақсартып, инвестиция тартуға көмектеседі», - деді Одиль Рено-Бассо.


Соңғы жаңалықтар