+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Өкпе қабынуына ПТР тест арқылы анықталмаған жаңа коронавирус себеп болды - ДСМ

2020 жылғы 17 қазан 14:15
Бөлісіңіз:
Өкпе қабынуына ПТР тест арқылы анықталмаған жаңа коронавирус себеп болды - ДСМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өкпе қабынуына ПТР тестілеу арқылы анықталмаған жаңа коронавирус себеп болды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына орай ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың 98 пайызында ПТР-тест анықтамасы болды – Байғабылов 6 қазаннан бері шетелден ұшып келген 39 жолаушыдан коронавирус анықталған ПТР анықтамасы жоқ жолаушылардың ұшаққа отыруына тыйым салынады

«Қазақстанда ауыр пневмониялардың (қоздырғыштардың табиғаты) дамуына тудыратын себептерді анықтау мақсатында ковид тәрізді пневмонияның этиологиясын, оның ішінде ағзаға басқа мүмкін қоздырғыштардың – вирустар мен бактериялардың болуын анықтау мақсатында пилоттық зерттеу жүргізілді. Бұл ретте, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар қалаларында компьютерлік томографияда («күңгірт шыны», SARS-CoV-2 ПТР тестінің бастапқы теріс нәтижесі бар) COVID-19 клиникалық белгілері бар екіжақты ауруханадан тыс пневмониясы бар адамдар тексерілді», - деді Алексей Цой.

Оның атап өтуінше, Зерттеудің алдын-ала нәтижелері бойынша пневмониямен ауыратын науқастардан алынып сыналған үлгілердің ешқайсысы А және В тұмауының вирустарына, сондай-ақ тұмау емес инфекцияларға оң нәтиже көрсетпегені анықталды.

«Осылайша пневмонияға ПТР тестілеу арқылы анықталмаған жаңа коронавирус себеп болды. Орташа және ауыр пневмониямен ауыратын науқастардың шамамен үштен бірінде пневмониямен байланысты белгілі бір бактериялар анықталды. Сонымен қатар, бактериялық инфекцияның болуы аурудың ауырлығына байланысты болды. Аурудың ауыр түрімен ауыратын науқастардың бір бөлігінде бактериялық инфекция аурудың ағымын ауырлататын жаңа коронавируспен инфекцияға қосылады (стрептококктар, стафилококктар, клебсиеллалар және т.б.)», - деді министр.

Айта кетейік, елімізде коронавирусқа байланысты тұрғындар арасында өкпе қабынуы артып кеткен болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT