Оқушы саны 300-ге дейінгі мектептерде жұмыс шаттық кесте бойынша жүреді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінгі күні оқушы саны 300-ге дейінгі мектептерде жұмыс тәртібі ары қарай да шаттық кесте бойынша жалғасуда.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Орта және жоғары білім беруге қатысты маңызды сұрақтар туралы брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні оқушы саны 300-ге дейінгі мектептерде жұмыс тәртібі ары қарай да шаттық кесте бойынша жалғасуда. Осы уақытқа дейін жеке кеңестер оқушылардың білімдерінің жетіспеушілігі болған, қосымша сабақтар қажет болған жағдайда 5-сыныпқа дейінгі оқушылармен топтарда жұмыс жүргізілетін болса, қазіргі қабылданған қаулыға сәйкес 15 оқушыға дейінгі топтарда кеңес жүргізуге рұқсат етілді. Бұл, әрине, міндеттейтін жұмыс емес. Әр педагог өзінің сыныбы бойынша қай оқушыға қаншалықты білімін толықтыру қажет екендігін анықтап, ата-аналардың келісімімен жұмыс істейді. Бұл әлі де қашықтық форматта қалып отырған 6, 7, 8 және 10-сынып оқушыларына қатысты қабылданған шешім», - дейді Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова.

Оның айтуынша, әр мектептің жағдайы әртүрлі.

«Кейбір оқушы мектепке барып оқыса, интернатта жатып оқитын оқушылар да бар. Тамақтандыру, тасымалдау жұмыстарына байланысты тиісті шешімдер қаулыларда көрсетілген. Осы бойынша әр өңірдегі жағдай ескеріліп, бұл сұрақтарға қатысты мәселелер өз шешімін тапты», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар