+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Олег Болтин еркін күрестен Азия чемпионы атанды

2021 жылғы 18 сәуір 20:32
Бөлісіңіз:
Олег Болтин еркін күрестен Азия чемпионы атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыда күрес түрлерінен Азия чемпионаты мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада грек-рим күресінен халықаралық турнир өз мәресіне жетті Шайбалы хоккей: Қазақстан құрамасы Беларусьпен жолдастық кездесу өткізеді Футзалдан Қазақстан біріншілігі: «Қайрат» «Атыраудан»  басым түсті

Қазақстандық Олег Болтин 125 кг салмақта финалда қырғызстандық Айял Лазаревпен белдесті.

Өте тартысты өрбіген белдесу барысында қырғызстандық балуан 3:2 есебімен алда тұрды. Соңғы секундтарда екі балға бағаланған әдіс жасап үлгерген О.Болтин еркін күрестен Қазақстан құрамасы үшін үшінші алтынға қол жеткізді.

Осы аса ауыр салмақта бұдан бір жыл бұрын Юсуп Батырмұрзаев Азия чемпионы атанған еді. Биыл оған қоса Юсуп Батырмұрзаев Алматыда өткен лицензиялық турнирде олимпиада жолдамасын иеленген болатын. Енді О.Болтин Азия біріншілігінде үздік шығып отыр.

Тағы бір қазақстандық Эльхан Асадов 92 кг салмақта қола жүлде үшін бәсекеде оңтүстіккореялық балуанға есе жіберді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Нұрқожа Қайпановтың еркін күрестен екі дүркін Азия чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT