Олимпиада алауы эстафетасы толықтай тоқтатылды

None
None
НАХА. Kyodo News-ҚазАқпарат –Токиодағы Олимпиада алауының эстафетасы жұма күні толықтай тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жапонияның Kyodo News агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл күні Окинава префектурасының ұйымдастырушылары 2 мамырда Миякодзимадағы кезең мен өзге шаралардың мүлдем өткізілмейтінін мәлім етті.

Аралдық қалада жаңа коронавирустың таралуына қатаң қадағалау жүргізіп отырған жергілікті ұйымдастырушылар эстафетаның жалпы қолдану жолдарынан алынғанын қалады, Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті олардың өтінішін орындады.

Окинава префектурасы атқарушы комитетінің мәлімдемесі бойынша, эстафетаны өткізудің баламалы датасы және қандай да бір рәсімдер өткізілмейді. Бұл Жапонияның барлық 47 префектурасы арқылы өтетін жалпыұлттық эстафетадағы бірінші жағдай.


Соңғы жаңалықтар