Олжас Сүлейменов ТМД-ның «Достастық жұлдыздары» сыйлығының лауреаты атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сейсенбі күні Мәскеуде өткен рәсімде «Достастық жұлдыздары» мемлекетаралық сыйлықтары ТМД-ның тоғыз елінің лауреатына табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Достастық жұлдыздары» - ТМД-ның гуманитарлық саладағы жоғары жетістіктері үшін берілетін марапат. Оның иегерлерінің арасында ММХҚИ ректоры, Ресей Ғылым академиясының академигі Анатолий Торкунов, Ресей-армян университетінің ректоры Армен Дарбинян (Армения), физик ғалымдардың авторлық ұжымы: Александр Тузиков, Сергей Золотой және Сергей Кореняко (Беларусь), Астрофизика институтының директоры Гүлчехра Кохирова (Тәжікстан), ұлттық ғылым академияларының президенттері Мұрат Жұматаев (Қырғызстан) және Ион Тигиняну (Молдавия) бар. Сондай-ақ, сыйлық иегерлерінің арасында Қазақстан жазушысы Олжас Сүлейменов, Әзербайжанның опера әншісі Эльчин Әзизов және Өзбекстанның эстрада-симфониялық оркестрінің жетекшісі Мансұр Ташматов бар.

Салтанатты рәсімде сондай-ақ өздерін гуманитарлық салада танытқан жастарға арналған «Дебюттер достастығы» сыйлығы да берілді. Аталған сыйлық ТМД-да Екінші Дүниежүзілік соңыстағы Жеңістің 75-жылдығы болып жарияланған 2020 жылдың қорытындылары бойынша табысталды. Сыйлық иегерлерінің арасында «Жоғары экономика мектебі» ұлттық зерттеу университетінің қызметкері, Смоленск мемлекеттік университеті кафедрасының оқытушысы Антон Азаренков, оқытушылар Заур Мәмедов (Әзербайжан), Армен Айвазян (Армения), тілші Екатерина Мысливец (Беларусь), суретші Алмас Нұрғожаев (Қазақстан), А.Малдыбаев атындағы Ұлттық академиялық опера және балет театрының солисті Фарух Садырқұлов (Қырғызстан), «Орыс тарихи-патриоттық клубы» қоғамдық ұйымының жетекшісі Алексей Петрович (Молдавия), Тәжікстан Ұлттық мұражайы экскурсиялық бөлімі бастығының орынбасары Муминпур Мубирхони, Өзбекстан Қарулы күштері мұражайының жетекші ғылыми қызметкері Барно Исахова бар.

Шара аралас форматта өтті, рәсімге РФ президентінің арнайы өкілі Швыдкой, Әзербайжан Елшісі Бюльбюль оғлы және Гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қорының атқарушы директоры Анатолий Иксанов қатысты, ал лауреаттар бейнебайланысқа шыққан.

Сыйлықтардың табысталу рәсіміне ТМД Жастар симфониялық оркестрі арнайы концерттік бағдарламасын ұсынды. Сыйлық лауреттарына арнайы диплом, құрмет белгісі мен куәлік табысталады. Сыйлықтың ақшалай баламасы 2 млн Ресей рубльін құрайды.



Соңғы жаңалықтар