Өмірзақ Шөкеев аудан әкімдеріне халықты баспанамен қамтамасыз етудің жолдарын қарастыруды тапсырды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал, Жетісай және Келес аудандарының әкімдерін қабылдап, олардың жыл бойы атқарған жұмыстарымен танысты. Аймақ басшысымен кездесуде аудан әкімдері шешімін күткен мәселелері мен ұсыныстарын ортаға салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір басшысы халықтың өмір сүру сапасын арттыру мен елді мекендерге жол салу, газ тарту және электр жарығы,ауызсумен қамту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, халықты баспанамен қамтамасыз етуді жүктеді. Ол үшін банктер тарапынан ұсынылатын шарттарды зерделеп, жан-жақты жолын қарастыруды тапсырды.

Сондай-ақ аймақ басшысы Мақтаарал, Жетісай және Келес аудандарынан келген тұрғындарды қабылдап, олардың арыз-шағымын тыңдады. Жеке бастарына қатысты мәселелерін көтерген тұрғындар, ауыл шаруашылығы саласы мен кәсіпкерлікке және мектеп салу мен жастардың демалатын орындарын көбейтуге ықпал жасауды сұрады. Жетісай ауданынан келген жастар облыс әкімінің атынан спорттық турнир өткізуді ұсынды.

Кездесу соңында ауыл тұрғындарының ұсыныс-шағымдарына қатысты Өмірзақ Шөкеев жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырма берді.



Соңғы жаңалықтар