Өмірзақ Шөкеев карантин шараларының қатаң сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірде карантин кезіндегі санитарлық талаптардың қатаң сақталуын тексеріп, Түркістан қаласындағы бірқатар нысандарды аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы жауапты сала басшыларына COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында карантин шараларын қатаң сақтауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Өңір басшысы облыс орталығындағы құрылыс жұмыстары барысын тексеріп, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жұмыс істеуді талап етті. Карантин шектеулеріне сәйкес, облыс аумағында бетперде кию тәртібі сақталады.

Айта кетейік, аймақта қонақ үйлер мен санаторийлерді қоспағанда туризм нысандары мен бассейндер, жағажайлар, аквапарктердің қызметіне тыйым салынған. Сондай-ақ, монша және сауналардың да жұмысы тоқтатылған.

Мәдениет нысандары мен мұражайлар жабылып, балабақшалар жұмыс істемейді.

Сонымен қатар, жабық базарлар, автомобиль мен киім-кешек сататын, мал базарлары мен адам көп жиналатын басқа да нысандардың жұмысы тоқтаған.


Соңғы жаңалықтар