Өмірзақ Шөкеев Мақтааралда арнайы штаб отырысын өткізді

None
None
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданында төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстарының барысын тексеріп, арнайы штаб отырысын өткізді. Жаңа үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысқан аймақ басшысы сала басшыларына баспаналарды дер кезінде салып, жоспарланған мерзімде тапсыру керектігін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бүгінде тасқыннан зардап шеккен ауданда 9 әлеуметтік нысан мен 895 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде, Мырзакент ауылында тасқын судан зардап шеккен тұрғындар үшін 386 үйден тұратын жаңа ықшам аудан бой көтеруде. Ондағы 196 тұрғын үй мемлекеттік бюджет есебінен, қалған 190 тұрғын үй «Б.Өтеммұратов», «Салиқалы ұрпақ», «Біз біргеміз» қорларының есебінен салынуды. Типтік жобадағы әр үйдің аумағы 100 шаршы метрді құрайды. Дәл осы жаңа ауданнан су алған 5 ауылдың 28 үйсіз отбасы үшін де баспана салынуда. Өйткені 100-ден астам адам осы уақытқа дейін монша, балабақша, жатақханаларды пана қылып келген болатын.

Сондай–ақ, Фирдауси елді мекенінде 314, Өргебас ауылында 195 үйдің құрылысы қарқынды түрде жалғасуда. Аудан орталығы Мырзакент кентіндегі құрылыс алаңында 29 мердігер мекеме тарапынан 386 тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс аумағында 386 үйдің іргетасы құйылып, қабырғасы қалануда. 200 үйдің шатыры жабылып, ішкі сырты әрленуде. 1550 жұмысшы мен 150 арнайы техника құрылыс-монтаж жұмыстарын ырғақты жүргізіп жатыр.



Соңғы жаңалықтар