+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Өмірзақ Шөкеев: Мен ешкімге қолдан келмейтін тапсырма жүктемеймін

2020 жылғы 14 қаңтар 20:28
Бөлісіңіз:
Өмірзақ Шөкеев: Мен ешкімге қолдан келмейтін тапсырма жүктемеймін

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев көмекке зәру отбасыларға мемлекет тарапынан берілетін жәрдемнен басқа да қолдау көрсетудің тиімді тетіктерін жетілдіру туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
40 мыңға жуық қазақстандықтың мүгедектік мерзімі автоматты түрде ұзартылды Карантинде табысын жоғалтқан 2,2 млн-нан астам адам біржолғы төлем алды - министрлік Қазақстандықтарға шілдеде азық-түлік пен өзге де қажеттіліктер үшін 5,4 млрд теңге аударылды

Бұл мәселелер облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен мәжілісте қаралды. Әкімдердің ел алдында есеп беру тәртібінің өзгергенін еске салған аймақ басшысы, алда өтетін мұндай жиындарға ескертпей келетінін ескертті.

«Халықтың шын пейілінен шыққан алғыстан асқан баға жоқ. Осыны ұмытпаңыздар. Әр істі барынша беріліп істегенде ғана нәтижеге жетуге болады. Көзбояушылыққа жол жоқ. Мен ешкімге қолдан келмейтін тапсырма жүктемеймін. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, барлық салада ауыз толтырып айтар жетістіктер бар. Бірақ мұнымен тоқтауға болмас. Алдымызда мұнан да зор, мұнан да көп міндеттер тұр»,- деді Өмірзақ Шөкеев.


Мәжілісте Түркістан мен Кентау қалаларын дамытуға басымдылық берілетіні және әлеуметтік сала – басты назарда болатыны айтылды. Сала басшыларының сөзінше, халықты ауыз сумен, газбен, жарық пен сапалы жылумен қамтамасыз ету әрі қарай жалғасын таппақ. Тас жолдардың төселуі, жөнделуі, көшелерді жарықтандыру мен көгалдандыру, абаттандыру, суландыру жұмыстары - облыс басшысының қатаң бақылуында.

Жиында Түркістан шаһарын жасыл желекке бөлеу бойынша жоспарланған ағаш отырғызу жұмыстарын наурыз айында толық бітіру жүктелді. Бүгінде қалада салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды. Алдағы уақытта олардың қатары көбеймек. Облыс әкімі жаңа баспаналардың қолжетімді болуын, үйлі болуға ұмтылған азаматтарға жан – жақты мүмкіндік қарастыруды, сондай-ақ баспана беруде барлық сала өкілдерін толық қамтуды міндеттеді.


Жиында Түркістан қаласындағы әуежай мен онда барар жолдың құрылысына қатысты соңғы мәліметтер айтылды. 100-ден астам техника мен 300-ден астам жұмысшы жұмылдырылған құрылыс алаңында жұмыс қызуда. Халықаралық әуежай жыл соңында қолданысқа беріледі.

Түркістаннан 16 шақырым қашықтықта орналасқан 900 гектар жерге әуежай салуды түріктердің «Yda Insaat group» компаниясы мойнына алды. Жаңа нысан халықаралық стандартқа сай және заманауи құрылыс технологиясымен салынып жатыр. Терминал жылына 3 млн жолаушыға қызмет көрсете алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT