Өмірзақ Шөкеев жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды

None
None
ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат – Түркістан облысында жолдардың сапасын арттырып, жол жүру қауіпсіздігін күшейтуге қатысты жоспарлар туралы Сарыағаш ауданында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен өткен көшпелі мәжілісте айтылды.

Жиынға барлық тиісті басқармалар мен құқық қорғау органдарының басшылары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын талапқа сай келтіру үлесін 2020 жылы 77,6 пайызға жеткізу көзделген. Ал, автомобиль жолдарына жүргізілген құрылыс-жөндеу жұмыстарының ауқымы бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұр.

Ағымдағы жылы аймақ бойынша 15 380 шақырым жолдың шұңқыры жамалып, 45 мың шақырымдай жерде тегістеу жұмыстары жүргізілетін болады. Қосымша 2000 жарықшамдар орнатылмақ. Жиналыста сондай-ақ, жол-көлік оқиғаларының саны артқаны да айтылды. Аймақ басшысы жағдайды тұрақтандыру үшін толық талдау жасап, тиісті шаралар жүргізуді тапсырды. Осы орайда жол белгілері, бағдаршам мен жылдамдықты өлшеу құралдары көбейтілмек.

Облыс аумағында жол апаттарының басым көпшілігі ауданаралық, жаңа жолдарда болып жатыр. Оған жүргізушілердің жылдамдықты шектен тыс асыруы себеп, дейді мамандар. Мәжілісте сондай-ақ жеке адамға қарсы қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу, өңірдегі этносаралық қарым-қатынас пен шекара маңы аудандарындағы заңдылықтардың сақталу барысы баяндалды.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев құқық қорғаушыларға бұл тұрғыда қырағылық танытып, халықтың тыныс-тіршілігін жіті назарда ұстауды тапсырды.


Соңғы жаңалықтар