Он екі күн бұрын жоғалған көкшетаулық орманнан табылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында он екі күн бұрын із-түзсіз жоғалған ер адам орман ішінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қаласының тұрғыны 29 сәуірде жоғалып кеткен. Бұл туралы 6 мамыр күні оның туыстары полицияға хабарлап айтқан.

Белгілі болғанындай, ер адам жұмысқа орналасып, кезекті ауысымнан кейін үйіне келмей қалған. Бастапқыда туыстары өз беттерімен іздеп көреді. Алайда, одан нәтиже шықпаған соң, бір апта өткеннен кейін ғана полициядан көмек сұрайды.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында Көкшетау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жақын маңдағы аумақтарды аралап, жоғалған адам туралы ықтимал куәгерлерден, туыстары мен таныстарынан сұрастырды. Нәтижесінде, ер адамның Көкшетау қаласының Бірлік шағынауданы маңындағы орман алқабында тұрақтағаны анықталды. Ол мұндай қадамға неліктен барғанын түсіндірмеді. Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр», - деді ведомстводан.


Айта кетсек, Ақмола облысында 10 жасар бала қарындасын құтқармақ болып өзенге секірген .


Соңғы жаңалықтар