Өндірістегі оқыс оқиғаларды азайтатын пилоттық жоба іске қосылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар министрлігі мен «Қазмырыш» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздікті бақылайтын цифрлық жобаны іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, пилоттық жоба кәсіпорынның қауіпті өндірістік нысандарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйін «Өнеркәсіптік қауіпсіздік инспекторы» ақпараттық жүйесіне орналастырады. Бұл металлургтер мен кеншілердің өндірістік алаңдарында қауіпсіздік мониторингін онлайн режимде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

«Ақпараттық жүйе қауіпті өндірістік нысандарда мемлекеттік қадағалаудың негізгі міндетін іске асыруға, адам өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге, өндірістегі авариялық жағдайлардың, оқыс оқиғалардың және жарақаттануды барынша азайтуға және болдырмауға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, биылғы бірінші тоқсанда қауіпті өндірістік объектілерге 446 тексеру жүргізілді, оның ішінде 218-і ерекше тәртіп бойынша, 228-і жоспардан тыс жүзеге асты.


Соңғы жаңалықтар