Өнер жұлдыздары «Алғысым шексіз» акциясын ұйымдастырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақконцерт» ұйымының әртістері Алғыс айту күніне орай «Алғысым шексіз» атты қайырымдылық акциясын өткізді, деп хабарлайдыы ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шара аясында Қазақконцерт әртістері ел игілігі үшін адал еңбек етіп, әрдайым қиын кезеңде халықтың жанынан табылатын азаматтарға қолдау көрсетіп, ерен еңбегі үшін алғыс айтты.

Олардың қатарында жедел жәрдем қызметкерлері, тәртіп сақшылары, өрт сөндірушілер мен қала тазалығына жауапты жұмыскерлер бар.

Қайырымдылық акциясы «Asai new star» компаниясымен бірлесе ұйымдастырылды.

Қала көшелеріндегі қоғамдық тәртіп, тазалық пен халық денсаулығын жіті бақылауда ұстап, тәулік бойы тынбай жұмыс істейтін қызметкерлерге ыстық тамақ пен шай ұсынылды.

«Алғыс айту күні – елдің бірлігін арттыратын, жақсылық пен мейірімді ұлықтайтын мереке. Қазақконцерт әртістері көктемнің алғашқы мерекесін осылайша өзара ынтымақтастықты арттыратын игі дәстүрмен бастады. Осы арқылы біз алғыс айту мерекесінің ізгілігін асқақтатып, тәрбиелік мән-маңызын арттыруға үлес қостық деп ойлаймын»,- дейді «Қазақконцерт» ұйымының әртісі, белгілі әнші Құрмаш Махан.

Соңғы жаңалықтар