Өнеркәсіпті дамыту қорын құруға болады - Мемлекет басшысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеуші кәсіпорындарды қолдауға қатысты тапсырма берді етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өңдеу өнеркәсібіне екпін қоя отырып әртараптандырылған экономиканы құру - біздің басымдық болып қала береді. Осы секторда ұзақ мерзімдегі жобаларды жүзеге асыру үшін Қазақстанның Даму банкін қосымша каптиталдандыруды қамтамасыз ету керек», - деді Мемлекет басшысы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында.

Мұнымен қоса Президент озық өнеркәсіптік жобаларды қолдауға қатысты тиісті қадамдарды атап өтті.

«Сонымен бірге, өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері аясында жиналатын қаржы есебінен Өнеркәсіпті дамыту қорын құруға болады. Оның жұмысы үдемелі өңдеуші кәсіпорындарды үш пайыздан астам емес ставка бойынша қолжетімді несиелеумен қамтамасыз етуге бағытталады», - деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент шағын бизнес үшін арнайы қолдау шараларын қарастыруды тапсырды.


Соңғы жаңалықтар