+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Өңірлік мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіретін кеңестер құрылады – заң жобасы

2020 жылғы 16 қыркүйек 10:34
Бөлісіңіз:
Өңірлік мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіретін кеңестер құрылады – заң жобасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өңірлік мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру мақсатында өңірлік көркемдік кеңестер құрылады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Демографиялық даму саясатының тұжырымдамасын әзірлеу қажет - Ләззат Сүлеймен Сенатор қашықтан оқыту мәселесіне қатысты Үкіметке сауал жолдады Сенат сыбайлас жемқорлыққа қатысты құжатты Мәжіліске қайтарды

«Қолданыстағы «Мәдениет туралы» Заңға енгізілген нормаларға сәйкес Министрлік жанындағы мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру мақсатында мәдениет саласындағы қызметтің барлық бағыттары бойынша республикалық көркемдік кеңестер жұмыс істейтіндігі өздеріңізге белгілі. Көркемдік кеңестердің жұмысы өз жемісін беруде, театрлардың репертуары жақсарып, киножобалардың сапасы артты, әдебиет пен өнер шығармаларының да деңгейі артып отыр. Тұрақты негізде саланың даулы мәселелері талқылауға шығарылып, өз шешімін табуда», - деді министр «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру барысында.

Сонымен қатар ол республикалық көркемдік кеңес аясында барлық салалардың көптеген проблемалық мәселелерін қамтудың мүмкін еместігін тәжірибе көрсетіп отырғандығын жасырмады.

«Осыған орай, заң жобасының негізгі міндеті өңірлік мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру мақсатында ұсыныстар әзірлеу іспетті өңірлік көркемдік кеңестер құруды көздеп отыр», - деді Ақтоты Райымқұлова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT