+7 (701) 759 90 19
USD 387.16 EUR 428.47
RUB 6.08 CNY 55.13
Jańalyqtar

Оңтүстік Корея Қазақстан азаматтарының келуіне шектеу қоя ма

2019 жылғы 16 қазан 11:15
Бөлісіңіз:
Оңтүстік Корея Қазақстан азаматтарының келуіне шектеу қоя ма

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оңтүстік Корея тарапынан Қазақстан азаматтарының елге келуіне шектеу қоятындығы туралы ресми хабар келген жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Брюссельде Президент Тоқаевтың кезіндегі Қазақстан мен Еуроодақтың қарым-қатынасы талқыланды Өзбекстан Олий Мажлис Сенатының төрағасы Қазақстанға келеді Үндістанның Қазақстандағы Елшісі: Махатма Ганди – заман адамы

«Өздеріңіздей біз де бұқаралық ақпарат құралдарынан «Корея тарапы Қазақстан азаматтарының елге келуіне шектеу қояды» деген ақпаратты көрдік. Осыған орай мұндай ақпараттың бізге ресми келмегендігін хабарлаймыз. Ресми хабар келіп түссе, онда біз оны жариялаймыз», - деді Айбек Смадияров.

Оның дерегінше, 2019 жылдың 1 қыркүйегіндегі корей тарапының берген деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяның аумағында 10 785 Қазақстан азаматы жүр.

«Форум басталар алдында біздің министріміз кореялық әріптесімен екіжақты кездесу өткізді. Оның барысында кореялық тараппен екі елдің арасындағы көші-қон саясаты мәселелерін қарастырды. Бірақ, мән-жайын сіздерге жария ете алмаймын», - деді ресми өкіл.

Айта кетейік, ҚР Сыртқы істер министрлігінде «Орталық Азия - Оңтүстік Корея» 12-форумы өз жұмысын бастады. Шараға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан Сыртқы істер министрлері қатысуда. Ал Түрікменстан тарапынан сол елдің Қазақстандағы Елшісі қатысып отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT