Оңтүстіктен солтүстікке: Көші-қонның теріс сальдосы 15 пайызға қысқарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы елдегі көші-қонның теріс сальдосын 15 пайызға дейін қысқартқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі ҚазАқпарат сауалына берген жауабында осындай дерек келтірген.

«Соңғы 5 жылда (2015 жылдан бастап) елімізде халық саны 1,2 млн адамға артып, 18,6 млн адамды құрады. Өз кезегінде осы аралықта кейбір солтүстік өңірлерде (Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары) халық саны керісінше 66,8 мың адамға азаюы байқалады», -дейді министрлік

Ведомствоның жауабына сүйенсек, көші-қонның оң сальдосы тек Маңғыстау облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында байқалған.

«Бұл мәселе әсіресе үкімет анықтаған өңірлерде ерекше өзекті болып табылады. Халықтың табиғи өсімінің төмен болуы көші-қонның кері сальдосын жаппайды. Еңбек мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын ерікті өңіраралық қоныс аудару көші-қонның кері әсерін 15 пайызға дейін азайтуға септігін тигізді», - деп жазылған ресми жауапта.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ведомство соңғы 4 жылда оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған отбасыларға қанша ақша жұмсалғанын мәлім етті.

Сондай-ақ, министрлік мамандар «Еңбек» көші қандай мамандықтар тапшылығын жойғанын айтып берді.

Ресми дерек бойынша, жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аударған жастардың 76 пайызы жұмысқа тұрған.


Соңғы жаңалықтар