+7 (701) 759 90 19
USD 419.45 EUR 504.64
RUB 5.68 CNY 64.88
Jańalyqtar

Оралда 180 пәтерлік жаңа үй пайдалануға берілді

2021 жылғы 8 қаңтар 17:56
Бөлісіңіз:
Оралда 180 пәтерлік жаңа үй пайдалануға берілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында 180 пәтерлік тоғыз қабатты үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Депутат жастарға жалға берілетін пәтер құрылысын қаржыландыруды сұрады «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау 10 наурыздан басталады Алматыда жеңілдікпен пәтер алудың жолдары қандай

Оның ашылу рәсіміне қатысқан Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтің мәлім еткеніндей, Елбасының бастамасымен қабылданған «Нұрлы жер» бағдарламасы бірнеше жылдан бері сәтті жүзеге асырылып келеді.


Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған өткен жылғы Жолдауында тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтудың маңыздылығын атап көрсеткен болатын. Осыған орай халықты жайлы қоныспен қамту, инфрақұрылымдарды тарту жергілікті атқарушы органдарға жүктелген еді.

«Қиындықтарға қарамастан, өткен жыл табысты болды деуге толық негіз бар. Орал қаласында 7 көпқабатты тұрғын үй іске қосылды. Міне, бұдан бірнеше жыл бұрын бос жатқан жерде үлкен тұрғын үй кешені бой көтерді. Жеке инвесторлар есебінен осы маңда 900 орындық мектеп салынатын болады.

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің құрылысы көзделуде. Аулаларды абаттандыру, спорт алаңдарын, демалыс орындарын салу жұмыстары жүргізіледі. Жаңа үйлердегі пәтерлер тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына және кезекте тұрған азаматтарға берілуде», деді Абат Абайұлы.


Зачаган кентінде бой көтерген тұрғын үйдің мердігері – «Альтаир-СК7» ЖШС. Жалпы алаңы 10609,50 шаршы метр үйдің 54-і – бір, 81-і – үш, 45-і – үш бөлмелі пәтерлер. Әр шаршы метрдің нақты құны 166055 теңге болғанымен, ол тұрғындарға 140 мың теңгеге түсіп отыр. 26055 теңге жергілікті бюджет есебінен өтеледі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жаңа жыл қарсаңында 216 отбасының баспаналы болғанын, модульдік инфекциялық аурухананың пайдалануға берілгенін жазған едік.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT