Оралда базар маңынан ер адамның мүрдесі табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қаласы полиция басқармасы басшысының жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары Нұрлан Бисеновтің айтуынша, оқиға бүгін таңертең болған.

«1000 ұсақ-түйек» базары ауданында азиялық пішіндес, жасы шамамен 40-45-тегі ер адамның мүрдесі табылғаны жөнінде сағат 08.30-да хабар түскен.

«Оның кім екендігі әзірге анықталған жоқ. Оқиға орнына жедел тергеу тобы барды. Қайтыс болғанның кім екендігін, өлімінің неден болғанын анықтау мақсатында барлық қажетті шаралар жүргізілуде. Ол зорлықпен өлтірілді ме, тергеу барысында белгілі болады. Жасы мен сыртқы белгілеріне қарағанда, із-түзсіз жоғалып кеткен адамға ұқсамайды. Дегенмен облыс аумағында жоғалып кеткен адамдар бойынша да деректер тексеріледі», деді ҚазАқпарат тілшісіне Н.Бисенов.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері, криминалистер, сондай-ақ қызметтік иттерімен кинологтар жұмыс жасауда.

Оқиғаның басқа да жай-жапсары анықталу үстінде.




Соңғы жаңалықтар