Оралда бір кесек қар баланың үстіне құлады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында көпқабатты үйдің төбесінен қар кесегі баланың үстіне құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Blacklist.uralsk Instagram парақшасында жазылғандай, оқиға кеше 5-шағынаудан 7-үй жанында болған. Күндіз мұз аралас қар кесегі ойнап жүрген балалардың үстіне құлап кеткен.

«Құлаған қар орындықта отырған баланың үстіне түскен. Оны жедел жәрдем алып кетті, тірі, бірақ қозғала алмайды. Қар сондай-ақ жолда тұрған автокөлікке де тиген. Күн сәл жылынса, жылда осылай, төбеден қар құлайды. Осы үй балансына кіретін ПИК төбедегі қарды тазалауды міндет деп санамайды. Сауал көп: кім тазалауы тиіс, қандай мемлекеттік органдар бақылайды, қар ұстамайтын тайғақ төбелерді кім қабылдаған, мұндай қауіпті шатырларды пайдалануға рұқсат беру мәселесін кім қадағалайды? Әрине, балаларды қарау керек. Алайда кез келген адамға кіреберіске кірерде және шығарда қауіпті» деп жазылған онда.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 16.35-те 5-шағынаудан 5-үйге шақырылды.

Төбеден үстіне қар құлаған бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді, жағдайы орташа ауыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жоғалып кеткен жеті жасар баланың табылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар