Оралда бір күнде екі кісі өлтіру дерегі тіркелді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында бір күнде екі кісі өлтіру дерегі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Асхат Теміржановтың айтуынша, мұндай қылмыстардың көпшілігіне арақ ішу себеп болып жатады.

Мас адам өз іс-әрекетіне есеп бермейді. Бұл жолы да 2 тамыз күні айыпталушылар мен жәбірленушілердің бірге арақ ішуі барысында екі қайғылы оқиға орын алған.

Сағат 13.00 шамасында Зачаган кентіндегі «Ревунок» кафесі артындағы орман арасынан зорлықпен өлтірілген 1970 жылғы ер адамның мүрдесі табылды.

Жедел іздестіру шаралары барысында осы қылмысқа күдікті ретінде Орал қаласының 1984 және 1977 жылғы тұрғындары анықталып, ұсталды.

Күдіктілер уақытша оқшаулау изоляторына қамалып, ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне (қасақана ауыр дене жарақатын келтіру) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Сол секілді сағат 01.42-де Д.Карбышев көшесі бойындағы үйдегі пәтерлердің бірінен зорлықпен өлтірілген 1978 жылғы әйелдің денесі табылды.

Бұл қылмысқа күдікті ретінде 45 жастағы қала тұрғыны қолға түсті.

Ол да уақытша оқшаулау изоляторына қамалып, ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (адам өлтіру) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда шомылып жүрген әйелді катермен қағып өлтірген күдіктінің ұсталғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар