Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда тұрғын үйде уытты газдан уланған ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 26 ақпан күні Меловые горки кентінде болды.

«Сағат 03.10-да 37 жастағы ер адамның денесі табылды. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Диагнозы: көмірқышқыл газына улану. Бұл факті жазатайым оқиға ретінде тіркелді», - деді ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда тұрғын үйде екі зейнеткердің мәйіті табылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар