Оралда ер адамның денесі табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 15 қыркүйек күні таңғы сағат 07.00 шамасында болды.

Политехника және Чкалов көшелерінің қиылысынан өтіп бара жатқан кісілерден белгісіз ер адамның зорлық-зомбылық белгілері бар мәйітін көргені туралы хабар түскен.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жүргізген ауқымды жедел іздестіру шаралары барысында осы аса ауыр қылмысты жасаған күдікті ретінде 1982 жылғы ер адам анықталып, қолға түсті.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда ер адамның ауласындағы құдықта асылып қалғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар