Оралда каратэ шито-рюден Қазақстан чемпионаты мәреге жетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда «Жекпе-жек» спорт кешенінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында каратэ шито-рюден Қазақстан чемпионаты мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлім еткеніндей, үш күнге созылған жарыс қорытындысында Маңғыстау облысының құрамасы 28 алтын, 16 күміс, 23 қола жүлдені жеңіп алды.

Байқоңыр қаласынан келген каратэшілер 11 алтын, 13 күміс, 13 қола медальға ие болды.

Ақмола облысы Щучинск қаласының спортшылары 7 алтын, 9 күміс, 12 қоламен қайтты.

Қызылордалықтар еншісінде - 7 алтын, 4 күміс, 15 қола жүлде.

Алматылықтар 7 алтын, 3 күміс, 9 қоланы қанжығасына байлады.

Ел біріншілігінде батысқазақстандықтар да құр қол қалған жоқ. Олар 5 алтын, 11 күміс, 12 қола жүлдені олжалады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда каратэ шито-рюден ҚР біріншілігінде 600-ге жуық спортшы бақ сынайтынын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар