Оралда көлік қағып кеткен 19 жастағы жігіт көз жұмды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында автокөлік қағып кеткен 19 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 24 қараша күні шамамен сағат 11.15-те С.Тюленин көшесінде болды.

«ГАЗель» автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісі белгіленбеген жерден жолдан өтіп бара жатқан 2002 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Соның салдарынан жас жігіт оқиға орнында қайтыс болды.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстанда темір жолдан белгіленбеген жерден өткені үшін 23 мыңнан астам адамның жауапкершілікке тартылғанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар