Оралда көшенің қақ ортасында көлік өртеніп кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 3 мамыр күні кешкісін болды.

Сағат 20.31-де Ә.Молдағұлова көшесі, 24 мекенжайында Great Wall Safe автокөлігінің жанып жатқаны жөнінде хабар түскен.

«Тілсіз жау» №5 өрт сөндіру бөлімінің күшімен (6 қызметкер, 1 техника) сағат 20.56-да ауыздықталды.

Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде.


Соңғы жаңалықтар