Оралда нан қымбаттады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында нан бағасы қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі кезде қала дүкендерінде жоғары сұрыпты нан бөлкесінің бағасы 119 теңгеге жетті.

Бөлкенің 19 теңгеге қымбаттауы астық бағасының жоғарылауына байланысты болып отыр.

Орал қаласы әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, бірінші сұрыпты ұннан пісірілген нан бағасы өзгеріссіз қалды. Мұндай бөлкенің бағасы – 80 теңге.

Бірінші сұрыпты нан ҚР Үкіметі 2010 жылғы 1 наурыздағы №145 қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне енгізілген. Мемлекет ҚР Кәсіпкерлік кодексі 116-бабы 3-бөлігі 1-тармақшасына сәйкес осы тізімге енгізілген 19 тағам түрінің бағасын реттейді. Сондықтан бірінші сұрыпты нан бағасының көтерілуі күтіліп отырған жоқ.

Жоғары сұрыпты нан бағасы облыс орталығынан шалғай орналасқан аудандардың бірі – Бөкей ордасында да өсті. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, мұнда ақ нанның құны бұрын - 140 теңге болса, қазіргі таңда - 160 теңге, кей дүкендерде - 170 теңгеден сатылуда.

Соңғы жаңалықтар