+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Оралда өрт сөндіру көлігі аударылып, жүргізуші мерт болды

2020 жылғы 18 қыркүйек 21:13
Бөлісіңіз:
Оралда өрт сөндіру көлігі аударылып, жүргізуші мерт болды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда өрт сөндіру көлігі аударылып, жүргізуші мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сапасыз белгілер мен таңбалар жол апатына себеп болып отыр - Замир Сағынов Қазақстан экономикасы жол апаты салдарынан 9 млрд доллар зардап шегеді Қазақстанда 17 жылда жол апатынан 49 мың адам қаза тапқан

Оқиға бүгін кешкісін қаладан шыға берістегі Свистун гора ауданында болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

Облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің нақтылауынша, оқиға Орал-Атырау жолының 10-шақырымында болған.

Қалаға қарасты Круглоозерный өрт сөндіру бөлімшесінің резервтегі автокөлігі Деркөл ауылына бара жатқан.

Жүргізуші жалғыз болған. Аударылу себептері әзірге белгісіз.

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT