Оралда полиция қызметкері 70 мың теңге пара алу кезінде ұсталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда полиция қызметкері пара алу үстінде ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, Орал қаласындағы жедел басқару орталығының қызметкері, полиция майоры 11 ақпан күні қолға түскен.

Оны департаменттің өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері 70 мың теңге пара алу кезінде ұстаған.

«Қазіргі кезде іс ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне берілді. Басқа ақпарат жария етілмейді», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Белгібеков.


Соңғы жаңалықтар