+7 (701) 759 90 19
USD 419.66 EUR 500.44
RUB 5.62 CNY 64.73
Jańalyqtar

Оралда тергеу изоляторының қызметкері екі адамды өрттен құтқарды

2021 жылғы 22 қаңтар 23:35
Бөлісіңіз:
Оралда тергеу изоляторының қызметкері екі адамды өрттен құтқарды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда тергеу изоляторының қызметкері Абылай Төлеев екі адамды өрттен құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда тұрғын үй өртеніп, 2 газ баллоны жарылды Өскеменде өрт шыққан көпқабатты үйден 12 адам эвакуацияланды Аршалы маңында қарға тұрып қалған қаламаңы автобусындағылар құтқарылды

БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Орал қаласы тергеу изоляторының қызметкері А.Төлеев 21 қаңтарда Мұхит көшесіндегі 134-үйдің жанынан өтіп бара жатып, бесінші қабаттан түтін шығып жатқан көрген.

Іштен айқайды естіген ол бірден көмекке ұмтылды. Көршілермен бірге пәтердің есігін бұзып кірді. Қалың түтінге қарамастан, қаймықпай кірген А.Төлеев 35 және 40 жастағы екі ер адамды алып шықты.

Келіп жеткен жедел жәрдем бригадасы А.Төлеевті газдан уланған деп тауып, ауруханаға жеткізді.

Аталған үйдің тұрғындары өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, ерлік жасаған жас жігітті әлеуметтік желі арқылы іздеп, тапқан.

Тұрғындар М.Қуанова, О.Питерская, Я.Яшкова, Г.Ыдырысова, Н.Кирилина, А.Жандали, В.Кешельняк БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Азамат Ізтелеуовтің атына алғыс айтқан хат жазып, А.Төлеевті марапаттауды өтінген.

Қазіргі кезде Абылай Төлеев ауруханада емделіп жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда тұрғын үйдегі өрттен 38 адамның қауіпсіз жерге шығарылғанын жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT