Оралда түнгі жол апатынан бірнеше адам зардап шекті
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін түнде Зачаган кентінде болды.
«Зачаганск» дүкеніне қарсы бетте «ВАЗ-2110» және «ВАЗ-2111» автокөліктері соқтығысты.
Жол апаты салдарынан «ВАЗ-2110» автокөлігінде отырған 2001 жылғы екі жігіт сынық жарақатымен облыстық көпбейінді ауруханаға жатқызылды.
Қос автокөлік жүргізушілері дәрігерлер қарағаннан кейін үйлеріне жіберілді.
Медициналық куәландыруға сәйкес «ВАЗ-2110» автокөлігінің 1983 жылғы жүргізушісі жеңіл дәрежеде мас күйінде болған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 00.45-те шақырылды. Жол оқиғасынан зардап шеккен үш адам (оның біреуі 1996 жылғы, екеуі 2001 жылғы) облыстық аурухананың жарақат пунктіне жеткізілді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да қос автокөлік соқтығысып, төрт адамның жарақат алғанын жазған болатынбыз.