Оралда велосипед мінген адамды көлік қағып, мерт болды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автокөлік велосипедпен жүрген ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 13 қазан күні шамамен сағат 22.40-та Ескі әуежай шағынауданында Светлая көшесінде болды.

37 жастағы жүргізуші «HINO RANGER» автокөлігімен (манипулятор) белгіленбеген жерден велосипедпен өтіп бара жатқан ер адамды қағып кеткен.

25-30 жастағы ер адам ауруханада көз жұмды. Кейін велосипедпен жүрген адамның 33 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Медициналық куәландыруға сәйкес жүргізуші ішімдік ішпеген.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар