Оралда жазасын өтеуші түрме қызметкеріне қаржы аударып жіберген

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жазасын өтеуші түрме қызметкерінің есепшотына қаржы аударып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға осы айда РУ-170/3 мекемесінде орын алды.

Аталған департамент пен БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері жедел алдын алу шаралары барысында мекеме қызметкерінің банктік есепшотына 30 мың теңге аударылғанын анықтады.

Ақшаны РУ-170/3 мекемесінде жазасын өтеуші жіберген болып шықты.

«Аталған қаржы тәркіленген тыйым салынған затты қайтарып алу және соны жасыру мақсатында лауазымды тұлғаға заңсыз сыйақы беру ретінде жолданған. Алайда мекеме қызметкері бұл дерек туралы мекеме басшылығы мен департаменттің өзіндік қауіпсіздік өкіліне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жазбаша түрде баян еткен», деді БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Азамат Ізтелеуов.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 367-бабы 1-бөлігіне (пара беру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, Оралда із-түзсіз кеткен 54 жастағы ер адамның табылмай жатқанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар