Орталық алаңда ес-түссіз жатқан қызды құтқарушылар аман алып қалды – Қызылорда

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада құтқарушылар орталық алаңда ес-түссіз талып қалған бойжеткенді ажалдан аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 23 желтоқсанда болды. Сол сәтте облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің мамандары орталық алаңдағы жаңажылдық шыршаға күшейтілген кезекшілікте тұрған еді.

«Құтқарушылар аталған аумақта ес-түссіз талып жатқан 19 жастағы бойжеткенді байқайды. Дереу оның қасына барған өрт сөндіру қызметінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Нұрсұлтан Ибрагимов дереу әрекетке кірісіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қыз бала эпилепсия бойынша есепте тұратын науқас болып шықты. Одан кейін науқас жедел жәрдем бригадасы дәрігерлерінің бақылауына берілді», - деп мәлім етті Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.


Соңғы жаңалықтар