«Орталық мемлекеттік архив» РМК директоры тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығымен Сәбит Шілдебай «Орталық мемлекеттік архив» Республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұжымға жаңа басшыны Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Сәбит Шілдебай - 2006-2008 жылдары Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Қоғамдық пәндер кафедрасының доценті міндетін атқарушы;

2008-2011 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ «Отан тарихы» кафедрасының доценті (ғылыми атақсыз) әрі тарих факультетінің ғалым-хатшысы;

2011-2014 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ Магистратура және PhD докторантура институты директорының тәрбие және ғылыми істер жөніндегі орынбасары, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы;

2014 жылдың қыркүйегінен бастап «Алматы» университетінің деканы;

2015-2017 жылдары «Алматы» университетінің ректоры;

2017-2018 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ КБББАҚО директоры;

2018 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ Тәрбие және жастар саясаты департаментінің директоры, «Алматы» университеті ректорының кеңесшісі;

2019 жылдың мамырынан бастап Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Бір монография, бір оқу құралы, 3 ғылыми жинақ пен 150-ден аса ғылыми еңбектің авторы. Сонымен қатар 150-ден аса публицистикалық, журналистік зерттеу және саяси сараптама мақаласы БАҚ-да жарық көрген. Тарих ғылымының кандидаты, ҚР Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты (2010).


Соңғы жаңалықтар