Өрттен қорғау: Ақмола облысында мамандар 200 мың үйді аралаған

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында көміртегі тотығын анықтайтын датчиктердің арқасында екі отбасы аман қалды. Бұл туралы брифингте өңірдің ТЖД бастығының орынбасары Манарбек Шапағатов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Брифингте 2020-2021 жылыту кезеңінің қорытындылары тақыланды.

«Степногорск қаласы мен Астрахан ауданында тұратын екі отбасында жылыту маусымы кезінде көміртегі тотығының концентрациясын анықтайтын датчиктер іске қосылып, үй шаруашылықтарына көміртегі оксидінің шектеулі рұқсат етілген концентрациясы туралы жедел хабарланғаны белгілі болды. Нәтижесінде уланудың алдын-алу, сондай-ақ алты адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болды», - деді Манарбек Шапағатов.

Брифингте айтылғандай 2020-2021 жылдардағы жылу кезеңінде өрттен 10-нан астам адам көз жұмып, жеті адам жарақат алды, сондай-ақ бір адам көміртегі тотығынан көз жұмды.

«Жылыту маусымы кезінде департамент күн сайын облыстың тұрғын үй секторында мақсатты үгіт-профилактикалық жұмыстарын жүргізді. Департамент қызметкерлері өрт қауіпсіздігі саласындағы жергілікті атқарушы органдармен, аудиторлық ұйымдармен және 565 еріктімен бірлесіп, 399 573 адамды қамтыған 216 156 тұрғын үйді аралап шыққан», – деп толықтырды Манарбек Шапағатов.

Осы ретте, Ақмола облысының ТЖД өрттің алдын алудың маңызды шарты өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау және орындау екенін еске салады.


Соңғы жаңалықтар