+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Өрттен шыққан қою түтін алматылықтардың зәресін алды

2021 жылғы 18 қазан 16:14
Бөлісіңіз:
Өрттен шыққан қою түтін алматылықтардың зәресін алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тұрғын үй ауласындағы шаруашылық құрылыстары өртенді. Өрт орнынан 25 литрлік екі газ баллоны мен 5 литрлік екі газ баллоны шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Талғар ауданында өрттен үйсіз қалған 34 адам үшін жаңа баспана салынады - әкімдік Алматы облысы Төңкеріс ауылындағы өрттің себебі белгілі болды Өскеменде өрт шыққан көпқабатты үйден 30 адам құтқарылды

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер 18 қазан күні сағат 14:47 кезінде Алмалы ауданындағы Қожамқұлов көшесі, 259 мекенжайындағы өртті сөндіруге шықты.

Оқиға орнына жеткенде жалпы ауданы 40 шаршы метр шаруашылық құрылыстың жанып жатқаны анықталды.

Өрттің жеке тұрғын үйгелерге таралуы қауіпі туындады. 25 литрлік газ баллондардың бірінен газ шыққан соң оны өрт сөндірушілер қауіпсіз қашықтыққа шығарып үлгерді.

Жамбыл көшесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері көшені қоршауға алды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт 8 минутта, сағат 15:10-да өшірілді. 15:27-де толығымен жойылды.

Өрт сөндіру жұмысына 10 техника, жеке құрамнан 35 адам жұмылдырылды.

Соңғы дерек бойынша қызыл жалын 100 шаршы метрді шарпыған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Думан Арғынгелді

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT