Өрттен зардап шеккен Көктөбе бөктеріне көшеттер отырғызылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Jasyl Almaty жалпықалалық акциясы аясында мектептердің аулаларын көгалдандыруға қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Б.Сағынтаев сенбілікке Наурызбай және Алатау аудандарындағы №200 және №800 мектептердің оқушыларымен бірге қатысты. Бұл күні жалпы 110 мектепте жоғары сынып оқушылары, ата-аналар мен педагогтар 4360 көшет отырғызды.

«Оқушылармен бірге олардың ата-аналары да келгені қуантады. Олар қоршаған ортаға бей-жай қарамайтыны көрініп тұр. Біздің үндеуімізге қосылып, көгалдандыру жұмыстарына белсене кірісті. Олар өз ағаштарын суарып, күтіп ұстайтын болады», - деді шаһар басшысы.

«Өз болашағымызды туған қаламызбен байланыстырамыз. Алматы бүгін де, келешекте де экологиялық тұрғыда жайлы болып, ғаламшардағы ең жасыл қала болып қала бергенін қалаймыз», - деді балалар акция барысында.

Бүгін, 13 қазан күні өрттен зардап шеккен Көктөбе бөктеріне көшеттерді отырғызу шарасы өтеді. Бұған дейін Мохнатка тауының етегіне Шренка шыршасының 50 мың түп көшеті отырғызылған болатын.

Соңғы жаңалықтар