Өскемен тұрғыны университетке грантқа түсіремін деген алаяққа алданды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының тұрғыны университетке грантқа түсіремін деген алаяққа 750 мың теңге берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Үлбі полиция бөліміне 42 жастағы азамат жүгінген. Өз сөзінде ол 26 жастағы танысының ұлын қаладағы университеттердің біріне грантқа түсіруге көмектесетіндігіне сендіргенін жеткізді.

Алайда қолына 750 мың теңге алған соң ер адам хабар-ошарсыз кеткен. Алданып қалғанын түсінген шаһар тұрғыны тәртіп сақшыларынан шара қолдануды сұрады.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері күдіктіні көп ұзамай ұстады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - дейді басқарма бастығы Андрей Мула.


Соңғы жаңалықтар